✨🔬 ЗЕРТТЕЙІК, БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК – КІШІ ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҮЛКЕН ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМЫ!🔬✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебімізде “Наноквантум” зертханасы аясында 4-сынып оқушылары арасында «Зерттейік, бақылап көрейік» атты тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының байқауы ұйымдастырылды.
Бұл білім сайысы – ерте кәсіби бағдар беру және бейімдеп оқыту бағыттарын тиімді үйлестірген, оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамытатын ерекше алаңға айналды. Гарри Поттер әлемінің желісімен құрылған креативті формат балалардың қызығушылығын арттырып, олардың зерттеушілік белсенділігін жаңа деңгейге көтерді.
🧩 Сайыс кезеңдері оқушылардың жан-жақты қабілеттерін ашуға бағытталды:
🔹 «Гриффиндор: Тағдыр хаты» – ұйымшылдық, жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттері сыналды
🔹 «Хаффлпафф: Білім сәйкестігі» – жаратылыстану пәндері бойынша теориялық білімдері сараланды
🔹 «Сиқырлы зертхана» – тәжірибелік жұмыстар мен ғылыми жобалар жоғары деңгейде қорғалды
