Skip to content

🇰🇿✨ 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ! ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ОТАНСҮЙГІШТІККЕ…

🇰🇿✨ 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ! ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТОЛЫ ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ! ✨🇰🇿

🇰🇿 Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай оқушылардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, ел тарихын дәріптеу және ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында сыныптарда тағылымы мол тәрбие сағаттары өткізілді.

✨ Тәрбие сағаттары барысында оқушылар еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи белестерімен танысып, Республика күнінің маңызын тереңірек түсінді. Қазақстанның жетістіктері, мемлекеттік рәміздеріміздің қадір-қасиеті, ел бірлігі мен бейбітшіліктің құндылығы кеңінен насихатталды.

💙 Оқушылар Отан туралы өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісіп, танымдық тапсырмалар арқылы туған елге деген сүйіспеншіліктерін жеткізді. Әрбір тәрбие сағаты жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, елінің тарихын құрметтеуге, болашағына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

🌟 Республика күні – елдігімізді ұлықтайтын, бірлігімізді бекемдейтін, тәуелсіздігіміздің қадірін ұғындыратын ұлық мереке!

❤️ Бүгінгі жас ұрпақтың жүрегіне егілген отансүйгіштік сезім – ертеңгі қуатты Қазақстанның берік іргетасы.

✨ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! КӨК ТУЫМЫЗ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕП, ЕЛІМІЗДІҢ МЕРЕЙІ ӘРДАЙЫМ ҮСТЕМ БОЛСЫН! 🇰🇿

#25Қазан #РеспубликаКүні #МеніңЕлімҚазақстан #290КелешекМектебі #ТәрбиеСағаты #Отансүйгіштік #ҰлттықҚұндылықтар #ТәуелсізҚазақстан