Skip to content

🌸👑 «АНА ТІЛІ АРУЫ – 2026»: ТІЛІМІЗДІ ҰЛЫҚТАҒАН, ӨНЕРІМЕН ТАМСАНДЫРҒАН…

🌸👑 «АНА ТІЛІ АРУЫ – 2026»: ТІЛІМІЗДІ ҰЛЫҚТАҒАН, ӨНЕРІМЕН ТАМСАНДЫРҒАН АРУЛАР! 🇰🇿✨

🏫 Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде «ТІЛ. ТҰЛҒА. ТЕХНОЛОГИЯ» қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 7–9-сынып оқушылары арасында «Ана тілі аруы – 2026» атты мектепішілік байқау ұйымдастырылды.

🌷 Байқаудың басты мақсаты – оқушы қыздардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, әдебиетке қызығушылығын ояту, білімін, өнерін және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

✨ Сайыс барысында аруларымыз «Сөздің көркі – мақал», «Әдебиет әлемінде», «Сөз маржаны», «Ұлттық дәстүр – ұрпаққа аманат» атты төрт кезең бойынша бақ сынады.

Қатысушылар мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, қазақ әдебиетінен білімдерін көрсетті, суырыпсалма шешендік қабілеттерін танытып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеді.

👑 БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

🏆 БАС ЖҮЛДЕ – «АНА ТІЛІ АРУЫ – 2026»
🌸 8 «Г» сынып оқушысы Мырзабайқызы Шара

🥇 І ОРЫН
🌷 7 «Д» сынып оқушысы Әлихан Аяулым

🥈 ІІ ОРЫН
🌷 7 «В» сынып оқушысы Бихожа Айша

🥉 ІІІ ОРЫН
🌷 9 «А» сынып оқушысы Убайдулла Фарида

💐 Байқауға қатысқан әрбір аруымыз өзінің білімділігімен, тапқырлығымен, өнерімен және ұлттық құндылықтарға деген құрметімен ерекшеленді.

🌟 Бұл байқау – ана тіліміздің мәртебесін асқақтатып, ұлттық болмысымызды ұлықтаған тағылымды шара болды.

❤️ Ана тілін ардақтаған аруларымыз – ұлтымыздың мақтанышы, болашағымыздың жарқын бейнесі!

👏 Жеңімпаз аруларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Білімдеріңіз биік, өнерлеріңіз өрісті, алар асуларыңыз көп болсын!

🇰🇿 АНА ТІЛІН ҚҰРМЕТТЕГЕН ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ!

#290КелешекМектебі #АнаТіліАруы2026 #ТілТұлғаТехнология #ҚазақТіліАпталығы #АнаТілі #ҰлттықҚұндылық #ӨнерліАрулар #ТілМәртебесі #МектепМақтанышы