📚🐺 «КӨКСЕРЕК» – ТАБИҒАТ ТЫЛСЫМЫН ТАНЫТҚАН, ҰРПАҚҚА ОЙ САЛҒАН ҰЛЫ ТУЫНДЫ!✨
🏫 Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6-сынып оқушыларының қатысуымен қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 130 жыл толуына орай «Көксерек» шығармасына арналған әдеби сағат ұйымдастырылды.
🌿 Әдеби сағаттың басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлы жазушының әдеби мұрасын насихаттау, көркем шығарманың терең мағынасын ұғындыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
📚 Іс-шара барысында оқушылар Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасап, қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алған «Көксерек» шығармасының мазмұны мен тәрбиелік мәніне тереңірек үңілді.
🎬 Шығарма желісі бойынша бейнеүзінді көрсетіліп, оқушылар адам мен табиғат арасындағы күрделі байланысты талқылады. Көксеректің тағдыры, кейіпкерлердің әрекеті, адам мен жануар арасындағы қарым-қатынас туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
💡 «Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік неге маңызды?» деген сауал төңірегінде ой қозғаған оқушылар шығармадан алған әсерлерімен бөлісіп, табиғатты аялаудың, жан-жануарларға қамқорлық жасаудың маңызын түсінді.
✨ Бұл әдеби сағат оқушылардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың сыни ойлау, талдау, өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
🌟 Мұхтар Әуезовтің мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани қазына. Ал «Көксерек» – адамзат пен табиғат арасындағы байланысты терең түсінуге жетелейтін тағылымды шығарма!
📖 КІТАП ОҚЫҒАН БАЛА – ОЙЫ ҰШҚЫР, РУХЫ БИІК, БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ТҰЛҒА!
#КітапОқитынҰлт #Көксерек #БалаларӘдебиеті #ҚазақӘдебиеті #КітапОқуМәдениеті
