Skip to content

🇰🇿✨ 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ! ✨🇰🇿 🇰🇿 Инженерлік бағыттағы…

🇰🇿✨ 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ! ✨🇰🇿

🇰🇿 Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны салтанатты түрде шырқалды.

Әнұран орындалған сәтте мектеп ұжымы мен оқушылары Отанға деген құрметін білдіріп, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін сезінді. Бұл – әр жүректе туған жерге деген сүйіспеншілікті оятатын, елжандылыққа тәрбиелейтін маңызды сәт.

💙 Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың парызы. Әнұранның асқақ үні баршаға рух беріп, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімді нығайтты.

🇰🇿 Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

💫 БІР ЕЛ, БІР ОТАН, БІР БОЛАШАҚ!

#25Қазан #РеспубликаКүні #Әнұран #МемлекеттікРәміздер #290КелешекМектебі #Отансүйгіштік #ЕлБірлігі #Қазақстан