Skip to content

📚✨ ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ – КЕЛЕШЕККЕ ҚАДАМ! ✨📚 Инженерлік бағыттағы…

📚✨ ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ – КЕЛЕШЕККЕ ҚАДАМ! ✨📚

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде Ұлттық кітап күні ерекше рухта аталып өтті! 🎉

Бұл күн – білімге, руханиятқа және өзін-өзі дамытуға деген құрметтің көрінісі. Оқушыларымыз кітаптың құдіретін сезініп, белсенді түрде кітап оқып, өз ой-өрістерін кеңейтті. 📖

📌 Іс-шара барысында:
– Кітап көрмелері ұйымдастырылды
– Оқушылар өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісті
– Әртүрлі жанрдағы кітаптарды қызығушылықпен оқыды
– Танымдық пікірталастар мен қызықты кездесулер өтті

Кітап – әр адамның сенімді серігі. Ол – ақылшы, ұстаз, әрі шексіз әлемге жол ашатын алтын көпір. 🌍

«Кітап – ең жақсы психолог, ең арзан саяхат, ең адал дос» екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл күн – бәрімізге үлкен мотивация сыйлады! 💡

📖 Кітап оқуды әдетке айналдырайық!
📖 Біліммен қаруланайық!
📖 Болашағымызды бірге жарқын етейік!

#ҰлттықКітапКүні #КелешекМектебі #ОқуМәдениеті #КітапОқуТрендте #РуханиДаму