Skip to content

✨🌱ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫ — ІЗГІ ІСТІҢ БАСТАУЫ🌱✨ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…

✨🌱ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫ — ІЗГІ ІСТІҢ БАСТАУЫ🌱✨

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде мектеп бітіруші түлектердің бастамасымен ерекше әрі мағыналы шара ұйымдастырылды. Түлектер өз қолдарымен «Түлектер аллеясын» жасап, көшеттер мен гүлдер отырғызды 🌳🌷.

Бұл игі бастама — мектеппен қоштасар сәтте қалдырған жүрекжарды естелік пен болашаққа жасалған үлкен сый 💚. Әр отырғызылған ағаш — түлектердің арман-мақсаттарының, жарқын болашағының символы 🌱.

Шара барысында түлектер белсенділік танытып, мектеп аумағын көгалдандыруға ерекше үлес қосты . Олар тек ағаш егіп, туған мектептеріне деген алғыстары мен құрметтерін нақты іспен дәлелдеді 🤝✨.

«Түлектер аллеясы» — жылдар өтсе де, бүгінгі түлектердің ізі мен еңбегін айшықтап тұратын тағылымды орын болмақ . Бұл аллея келешек ұрпаққа үлгі болып, табиғатты аялауға, туған жерге жанашыр болуға жетелейді 🌍💫.

Осындай игі істер арқылы оқушылардың экологиялық мәдениеті қалыптасып, жауапкершілік сезімі арта түседі 🌟.

Түлектерімізге жарқын болашақ, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! 🎓✨
Еккен әрбір көшеттеріңіз тамырын тереңге жайып, өмір жолдарыңыздай жайқалып өссін! 🌳💚