Skip to content

✨🌱ТАЗА ҚАЗАҚСТАН — ТАЗА БОЛАШАҚ! 🌱✨ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық…

✨🌱ТАЗА ҚАЗАҚСТАН — ТАЗА БОЛАШАҚ! 🌱✨

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде кең көлемді жалпымектептік сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылды 🧹🌳.

Аталған игі шараға ата-аналар, ұстаздар және оқушылар белсенді түрде қатысып, туған жерге деген жанашырлықтарын іс жүзінде көрсетті 🤝💚. Бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін танытқан қатысушылар мектеп аумағын тазарту жұмыстарына жұмыла кірісті.

Сенбілік барысында оқушылар ойын алаңдарын тазалап, құрал-жабдықтарды сүртіп, мектеп ауласын мұқият сыпырып, көгалдарды суарып, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты 🌱🌼. Әрбір атқарылған жұмыс — тазалыққа деген жауапкершіліктің, табиғатқа деген құрметтің айқын көрінісі болды 👏✨.

Ұстаздар мен ата-аналар да бұл бастамадан шет қалмай, жас ұрпаққа үлгі көрсетіп, ортақ іске белсене атсалысты 💪🌍. Осындай игі шаралар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениеті қалыптасып, еңбекке деген сүйіспеншілігі арта түсетіні сөзсіз 🌟.

Бұл сенбілік — бірлік пен ынтымақтың, жауапкершілік пен қамқорлықтың көрінісі болды 🤍. Әрбір қатысушының еңбегі мектеп аумағының көркеюіне үлкен үлес қосты.

Таза орта — денсаулық кепілі, ал таза �