✨МЕНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМ МЕН МІНДЕТТЕРІМ✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, логопед және педагог ассистент мамандарының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «МЕЙІРІМДІ ОРТА ҚҰРАЙЫҚ — DOSBOLLIKE» атты педагогикалық-психологиялық қолдау апталығы аясында Қорқыт ата атындағы университеттің Құқықтану БББ жанындағы Студенттік заң клиникасы мүшелерінен құрылған топ «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында құқықтық-ағартушылық тренинг өткізді. 👩🏻⚖️📚
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту. ✨
Тренинг барысында оқушылармен бірге келесі өзекті мәселелер талқыланды:
🔹 білім алушылар арасында буллинг орын алған жағдайда не істеу керек;
🔹 дропперлік ұғымы, оның құқықтық салдары және қылмыстық жауапкершілік мәселелері;
🔹 кәмелетке толмағандардың еңбек қатынастары, жұмысқа орналасу тәртібі мен рұқсат етілетін шектер;
🔹 кәмелетке толмағандар ұсталған немесе құқық қорғау органдарына жеткізілген жағдайда олардың құқықтары.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты түс
