💙✨ «МЕЙІРІМДІ ОРТА ҚҰРАЙЫҚ — DOSBOLLIKE» АПТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ✨💙
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, логопед және педагог ассистент мамандарының ұйымдастыруымен «МЕЙІРІМДІ ОРТА ҚҰРАЙЫҚ — DOSBOLLIKE» атты педагогикалық-психологиялық қолдау апталығының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
🎤 Ашылу рәсімі концерттік бағдарламаға ұласып, оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен мазмұнды әрі әсерлі өнер көрсетілді. Әсем әндер, көркем қойылымдар мен жүрекке жететін шығармашылық номерлер арқылы мейірімділік, достық және өзара қолдау құндылықтары кеңінен насихатталды.
🌿 Салтанатты кеш — апталықтың мазмұнды бастамасы ретінде мектеп қабырғасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, бірлік пен түсіністікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
🤝 Бұл игі шара білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға деген құрмет пен жанашырлық сезімін арттыруға ықпал етеді.
✨ Мейірімділік — жүректен басталатын асыл қасиет.
✨ Ал бірлік пен қолдау — жарқын болашақтың кепілі.
💫 Апталық аясындағы іс-шаралар өз жалғасын табады және әр күн жаңа әсер м
