Skip to content

💚✨ LEADER FEST: ЖАС МАМАНДАР АЛАҢЫ — БІРЛІК ПЕН КӨШБАСШЫЛЫҚ…

💚✨ LEADER FEST: ЖАС МАМАНДАР АЛАҢЫ — БІРЛІК ПЕН КӨШБАСШЫЛЫҚ АЛАҢЫ! ✨💚

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, логопед және педагог ассистент мамандарының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «МЕЙІРІМДІ ОРТА ҚҰРАЙЫҚ — DOSBOLLIKE» атты педагогикалық-психологиялық қолдау апталығы аясында 🌿 «LEADER FEST: ЖАС МАМАНДАР АЛАҢЫ» тақырыбында жасыл алаңда тимбилдинг шарасы ұйымдастырылды.

🤝 Шараға мектеп әкімшілігі, жас мамандар, педагогтар және оқушылар белсене қатысып, бірлік пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсетті.

🌈 Тимбилдинг барысында қатысушылар түрлі командалық ойындарға қатысып,
🔹 өзара сенімді нығайтты
🔹 көшбасшылық қабілеттерін дамытты
🔹 бір-бірін қолдау мен түсіну дағдыларын жетілдірді

💫 Ашық аспан астында өткен бұл кездесу — әр қатысушыға ерекше серпін беріп, жағымды эмоция сыйлаған ұмытылмас сәттерге толы болды.

🌟 Бұл алаң — тәжірибе алмасу, бір-бірін жақын тану және кәсіби әрі тұлғалық дамуға бағытталған маңызды орта болды.

✨ Бірлік бар жерде — нәтиже бар!
✨ Көшбасшылық — әрекеттен басталады!

💚 Біз бірге — мықты команда, бір мақсатқа ұмтылған үлкен ұжымбыз!

#LeaderFest #ЖасМамандар #DosbolLike #МейірімдіОрта #Тимбилдинг Ке