✨💖 ҚОЛДАУМЕН ҚАНАТ ҚАҒАМЫН – МЕЙІРІМ, ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МЕКТЕБІ 💖✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға арналған тағылымды, жүрекке жылу сыйлаған «ҚОЛДАУМЕН ҚАНАТ ҚАҒАМЫН» атты шығармашылық іс-шара өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту болды 🤍
Шара барысында оқушылар:
🔹 бисермен түрлі әсем бұйымдар құрастырып,
🔹 ермексаз арқылы қиялдарын бейнелеп,
🔹 өз қолөнерлерін сүйіспеншілікпен жасап шығарды.
Әрбір жасалған жұмыс – баланың ішкі әлемі мен шығармашылық ойының айқын көрінісі. Ал ата-ананың жанында болып, бірге жұмыс істеуі – балаға деген сенімді арттырып, мейірім мен қолдаудың шынайы үлгісін көрсетті 🌿
Осындай мазмұнды шаралар әр баланың мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдеп, олардың қоғамда өз орнын табуына үлкен серпін береді.
🌟 Өйткені әр бала – үміт, әр бала – болашақ, әр бала – қанат қағар мүмкіндік!
