Skip to content

✨🚴‍♂️ КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНДЕ ӘКЕЛЕР МЕН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ВЕЛОЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ🚴‍♂️✨ Инженерлік…

✨🚴‍♂️ КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНДЕ ӘКЕЛЕР МЕН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ВЕЛОЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ🚴‍♂️✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде табиғатпен үйлесімді өмір салтын насихаттау және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру мақсатында әкелер мен оқушылар арасында веложарыс өтті 🚴‍♀️

Жарыс барысында әкелер балаларына үлгі болып, белсенділік, табандылық және бірлік құндылықтарын көрсете білді. Әрбір қатысушы үшін бұл күн тек жарыс емес, ортақ мақсатқа бірге жетудің, қолдаудың және өзара сенімнің айқын көрінісіне айналды.

Шара мектеп өміріндегі маңызды тәрбиелік бағыттардың бірі ретінде оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып, табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастыруға өз үлесін қосты 🌱

Осындай мазмұнды бастамалар арқылы біз тек білімді ғана емес, саналы, жауапкершілігі жоғары, белсенді ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеміз.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Отбасылық құндылықтарды дәріптеген әкелерге ерекше құрмет!

🌿 Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебі — болашаққа нық қадам!