Skip to content

🌿♻️ ҚАЛДЫҚ ЗАТТАРҒА ЕКІНШІ ӨМІР БЕРІЛДІ – «ӨНДІРІСТІК ДИЗАЙН” ШЕБЕРХАНАСЫНДА…

🌿♻️ ҚАЛДЫҚ ЗАТТАРҒА ЕКІНШІ ӨМІР БЕРІЛДІ – «ӨНДІРІСТІК ДИЗАЙН” ШЕБЕРХАНАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА ♻️🌿

“Таза Қазақстан” тұжырымдамасы аясында Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде «Өндірістік дизайн» шеберханасының оқушылары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында қалдық заттарды қайта өңдеу арқылы ерекше декоративті құмыралар жасады. 🌱✨

Жоба барысында оқушылар картон, қағаз, газет сияқты қайта өңдеуге болатын материалдарды тиімді пайдаланып, оларды жаңаша дизайндағы бұйымдарға айналдырды. Бұл – экологиялық жауапкершілікті арттыратын маңызды тәжірибе.

Шығармашылық жұмыс арқылы оқушылар:
🔹 қайта өңдеудің (recycling) маңызын түсінді
🔹 табиғи ресурстарды үнемдеуді үйренді
🔹 қалдықты азайту мәдениетін қалыптастырды
🔹 дизайнерлік және инженерлік ойлау қабілеттерін дамытты

Осындай экожобалар жас ұрпақтың «жасыл өмір салтына» деген көзқарасын қалыптастырып, табиғатты аялауға, оны қорғауға деген жауапкершілігін күшейтеді. 🌍💚

Сонымен қатар бұл жұмыстар оқушылардың ерте кәсіби бағдарын айқындап, инженерлік дизайн, экология және шығармашылық салаларына деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді.

Келеш