Skip to content

✨🌸ҚАЙСАР РУХ — ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК! 🌸✨ Инженерлік бағыттағы №290 Келешек…

✨🌸ҚАЙСАР РУХ — ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК! 🌸✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, логопед және педагог ассистент мамандарының ұйымдастыруымен «МЕЙІРІМДІ ОРТА ҚҰРАЙЫҚ — DOSBOLLIKE» атты педагогикалық-психологиялық қолдау апталығының аясында ерекше кездесу өтті.

Бұл кездесудің қонағы — 9 «Б» сынып оқушысы Айтжан Дильназ Айболқызы болды. Ол өз жетістіктерімен бөлісіп, оқушыларға үлкен мотивация сыйлады.

Дильназ — парапауэрлифтинг спортынан қала, облыс, республика деңгейінде жеңімпаз атанып, бүгінде үлкен белестерді бағындырып жүрген жас спортшы. Алдағы уақытта Тайланд елінде өтетін халықаралық жарысқа қатысып, ел намысын қорғамақ! 🇰🇿🌍

Кездесу барысында оның жүрекке жетер арманы оқушыларға ерекше әсер етті:
«Менің ең үлкен мақсатым — спорттан алып жүрген қаражатымды жинап, әкеме көлік алып беру, анамның қолына алтын тағып, туған-туыстарымның алдында абыройларын көтеру» — деген шынайы сөзі көпшілікті тебірентті.

Бұл кездесу — оқушыларға мотивация, мақсатқа жету жолындағы табандылық пен еңбекқорлықтың маңызын түсіндірген тағылымды сәт болды.

🔥 Қайсар рух — шексіз мүмкіндік!
🔥 Арман бар жерде — нәтиже бар!

Осындай р�