Skip to content

🌿🌍 ECO LIFE ЭКОФЕСТИВАЛІ — ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ! 🌍🌿…

🌿🌍 ECO LIFE ЭКОФЕСТИВАЛІ — ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ! 🌍🌿

“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде мектеп аумағын көгалдандыру және мектеп алдына жаппай тазалау жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды 🌱

Бұл шара — оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды 💚

EcoLife экофестивалі аясында:
🌳 40 түп терек пен үйеңкі
🌲 10 сыр ағашы
🌸 Әсем гүл көшеттері отырғызылып, мектеп ауласы жаңа кейіпке енді

Шара барысында ата-аналар, оқушылар мен ұстаздар бірлесе еңбек етіп, тазалық сақтаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті. Әрбір қатысушы туған жердің табиғатына жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны қорғау — әр азаматтың борышы екенін сезінді 🌿

Бұл игі бастама — экологияны жақсартуға қосылған нақты үлес, болашақ ұрпаққа таза ауа мен жасыл кеңістік қалдыруға бағытталған жарқын іс 🌱

Әрбір отырғызылған көшет — өмірге деген қамқорлық пен үлкен жауапкершіліктің белгісі. Бүгін егілген әр тал — ертеңгі күннің саясы мен игілігі 🌳

🌱 Табиғатты аялау — баршамыздың ортақ міндетіміз!
🌱 Бірге қорғайық, бірге көркейтейік!