✨«БИОКВАНТУМ» ЗЕРТХАНАСЫНДА ДАЙЫНДАЛҒАН «МИКРОЖАСЫЛ – КІШКЕНТАЙ ЖАС ӨСКІН, ҮЛКЕН МҮМКІНДІК» ЖОБАСЫ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ 🔬🌱🏆
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ жоспарына сәйкес ұйымдастырылған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мен зерттеушімін» республикалық байқауы қалалық кезеңінің аясында Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде мазмұны терең, мағынасы айқын жоба көпшілік назарына ұсынылды.
Бұл жетістік – «Биоквантум» зертханасының жүйелі жұмысы мен шынайы ізденістің жемісі. Зертхана – жас зерттеушілердің қиялына қанат бітіріп, ғылымға деген алғашқы қадамын нықтайтын, тәжірибе мен таным тоғысқан ерекше білім алаңы. Осында тәрбиеленушілер табиғатты танып, тәжірибе жасап, әрбір жаңалыққа өз қолымен жетудің қуанышын сезінеді.
Мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушісі Аширбек Ханшайым Мейрамханқызы «Микрожасыл – кішкентай жас өскін, үлкен мүмкіндік» атты жобасында кішкентай өскіннің үлкен пайдасын дәлелдеп, оның өсу кезеңдерін бақылау арқылы адам денсаулығына тигізер әсерін жан-жақты көрсетті. Микрожасылдың дәруменге бай құндылығы мен күнделікті өмірдегі маңызын ашып, оны үй жағдайында өсірудің тиімді әрі қолжетімді жолда
