🏆🇰🇿 №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНІҢ МАҚТАНЫШЫ – АЙТЖАН ДИЛЬНАЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН 1-ОРЫН ИЕЛЕНІП, ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ! 🇰🇿🏆
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің оқушысы, Қызылорда қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне қарасты Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының спортшысы Айтжан Дильназ Таиланд, Бангкок қаласында 2026 жылдың 7-14 сәуірінде өткен пара пауэрлифтингтен Азия-Мұхит аймағы чемпионатында керемет нәтиже көрсетті!
Жасөспірімдер арасында 67 кг салмақ дәрежесінде:
🥈 2-орын – жеке көтеру
🥇 1-орын – жалпы ұпай бойынша
Бұл жеңіс – табанды еңбек, жүйелі дайындық және спортқа деген шексіз махаббаттың нәтижесі. Жетістіктің артында тәжірибелі жаттықтырушысы Аскарова Кабира тұрғанын атап өту керек.
🎉 Дильназды шын жүректен құттықтаймыз! Оның осы жетістігі – біздің мектебіміздің, Қызылорда қаласының және Қазақстанның спорт саласындағы абыройы.
💪 Алдағы жарыстарда да жаңа белестерді бағындырып, жаңа рекордтар орнатуына тілектеспіз! Біз сенің әр қадамыңа қуанып, қолдаймыз!
АЛҒА ДИЛЬНАЗ!💐💐💐
#КелешекМектебі #АйтжанДильназ #ПараПауэрлифтинг #ХалықаралықЖарыс #Қызылорда СпортЖетістігі Мақтаныш




