🌟«11 YEARS LATER… ФИНАЛҒА ДЕЙІН 1 ҚАДАМ» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ🌟
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, логопед және педагог ассистент мамандарының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «МЕЙІРІМДІ ОРТА ҚҰРАЙЫҚ — DOSBOLLIKE» педагогикалық-психологиялық қолдау апталығы аясында 11 сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг өткізілді! 🧠💡
Тренингтің негізгі мақсаты — оқушыларға өз армандарына сенімді түрде жетуге, мақсаттарын нақтылауға және жеке дамуын жоспарлауға көмектесу.
Тренинг барысында оқушылар:
✅ Армандарын қағазға түсіріп, нақты мақсаттарын белгіледі
✅ Мақсатқа жету жолдарын жоспарлап, әрекет қадамдарын анықтады
✅ Стрессті басқару, эмоцияны бағыттау және шешім қабылдау дағдыларын дамытты
✅ Өздерінің күшті және дамуға тиіс қабілеттерін анықтады
💫 Осындай іс-шаралар мектеп ішінде мейірімді, қолдаушы және ынталандыратын ортаны қалыптастыруға септігін тигізеді, әрбір оқушының әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.
Біз сенеміз: әрбір жас маман өз жолын батыл әрі сенімді басып, болашағына бір қадам жақындайды! 🌱✨
#КелешекМектебі #МейірімдіОрта #БолашаққаҚадам #ПсихологиялықТренинг #ЖасМаман ЖекеДаму
