Skip to content

🚀🔬 *ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ДА ҒЫЛЫМҒА ҚҰШТАР ЖҮРЕКТЕР! “STEAM TULPAR” КЕЛЕШЕККЕ…

🚀🔬 *ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ДА ҒЫЛЫМҒА ҚҰШТАР ЖҮРЕКТЕР! “STEAM TULPAR” КЕЛЕШЕККЕ ҚАНАТ ҚАҚТЫ!*🔬🚀

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің оқушылары жазғы демалыста болса да, білімге деген қызығушылықтарын тоқтатқан жоқ.

Мектебімізге арнайы келген STEAM TULPAR командасы оқушылармен қызықты кездесулер өткізіп, инженерлік және STEAM бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар түрлі тәжірибелерге қатысып, заманауи технологиялар мен инженерлік шешімдердің қыр-сырын таныды.

Осындай танымдық іс-шаралар жас өнертапқыштардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылым мен техникаға деген қызығушылықтарын арттырады.

STEAM TULPAR ұжымына мазмұнды кездесу мен пайдалы тәжірибе үшін алғысымызды білдіреміз!

#КелешекМектебі #290Мектеп #STEAMTULPAR #ИнженерлікБілім #ЖазғыДемалыс STEM БолашақИнженерлер