✨ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ✨
Ұлттың ұлылығы – оның білімді ұрпағында. Ал сол ұрпақтың бойына білім мен тәрбиенің нәрін себетін, өмір жолына бағыт-бағдар беретін тұлға – ұстаз. Ұстаздық –адамзаттың ең асыл мұратын жүзеге асыратын қасиетті миссия. Осындай жауапкершілігі мол жолда табандылықпен еңбек етіп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған абзал жандардың бірі – Қызылорда қаласындағы №290 Келешек мектебінің математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сауяева Нұргүл Сақтапбергенқызы.
Нұргүл Сақтапбергенқызының педагогикалық еңбек өтілі – 37 жыл. Осы уақыт ішінде ол бірнеше буын шәкірт тәрбиелеп, білім беру саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Еңбек жолын №33 орта мектептен бастаған ұстаз ширек ғасырға жуық М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде қызмет атқарып, болашақ ұстаздарды кәсіби қалыптастыруға бар күш-жігерін жұмсады. Бүгінде №290 Келешек мектебінде ұстаздық қызметін абыроймен жалғастырып келеді.
Ұстаздық қызметімен қатар мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісі сияқты жауапты қызметтерді атқарып, өңірдегі білім беру жүйесінің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның ұйымдастырушылық қабілеті

