✨🤖 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ RoboCup Soccer БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН!✨
Алматы қаласында өткен ALMATY TECH CUP XII – Age of AI халықаралық робототехника чемпионатында Қызылорда қаласындағы Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің оқушысы Айберген Ануар Нұрланұлы халықаралық RoboCup Soccer бағыты бойынша ІІІ орын иеленіп, кезекті мәрте мектебіміздің мерейін үстем етті! 🏆
RoboCup Soccer – мектеп оқушыларына арналған халықаралық робототехника бағыты. Бұл сайыста қатысушылар адам тәріздес роботтарды бағдарламалап, оларды нақты футбол матчында автономды түрде жарыстырады. Командалар роботтардың допты анықтауы, алаңда қозғалуы, ойын стратегиясын құруы және жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиялары арқылы дербес шешім қабылдауын қамтамасыз ететін бағдарламалар әзірлейді.
🥉 Осындай күрделі әрі жоғары деңгейдегі додада Айберген Ануар Нұрланұлы үздіктер қатарынан көрініп, ІІІ орын жеңімпазы атанды.
👨🏫 Жетекшісі: Рахатов Өтеміс
Бұл жетістік – оқушының табанды еңбегінің, жетекшінің кәсіби біліктілігінің және мектебіміздегі инженерлік білім беру жүйесінің нәтижесі.
👏 Айберген Ануар Нұрланұлын және жетекшісі Өтеміс Рахатовты шын жүректен құттықтаймыз!
Жасанды интеллект, робототехника және инженерия саласындағы жаңа жетістіктеріңіз көбейе берсін! Қазақстанның абыройын халықаралық ареналарда асқақтата беріңіздер! 🇰🇿🚀
#КелешекМектебі #RoboCupSoccer #Robototexnika #AI #ЖасИнженер Құттықтаймыз Qyzylorda STEM FutureEngineers



