📚 «BOOK TIME – 2026» – РУХАНИЯТ ПЕН БІЛІМ ТОҒЫСҚАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Инженерлік бағыттағы №290 «Келешек» мектебінде мұғалімдер арасында «BOOK TIME – 2026» тақырыбында танымдық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған тағылымды шара «Аманат» партиясының қолдауымен өткізіліп, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.
Іс-шараның басты мақсаты – кітаптың адам өміріндегі айрықша орнын айқындау, оны білім мен парасаттың сарқылмас қазынасы ретінде насихаттау, сондай-ақ педагогтердің оқуға деген қызығушылығын арттыру арқылы жас ұрпаққа үлгі болу.
📖 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен сайыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша өздерінің білім деңгейін, шығармашылық ізденісін және сөз саптау шеберлігін айқын көрсете білді.
Атап айтқанда:
– «READx» бөлімінде ұстаздар оқыған кітаптарының мазмұнын терең талдап, көркем тілмен әсерлі жеткізді;
– «Кім тапқыр» кезеңінде зияткерлік деңгейі мен жылдам ойлау қабілеттерін танытты;
– «Сөз тапқанға…» бөлімінде шешендік өнердің озық үлгісін көрсетіп, көркем сөздің құдіретін дәлелдеді;
– «Fantazy Kard» кезеңінде қиял ұшқырлығы мен шы
