✨SERPIN WAY 2.0 КЕРУЕНІ: АТА-АНАЛАРМЕН КӘСІБИ БАҒДАР АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің базасында облыстық білім басқармасының тапсырмасына сәйкес «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауқымды кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді 📚
Осы бағытта Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің үгіт-насихат тобының қатысуымен «SERPIN WAY 2.0» керуені ұйымдастырылып, 2026 жылғы 16–20 сәуір аралығында жоспарланған іс-шаралар аясында ата-аналармен арнайы кездесу өтті 👨👩👧👦
Кездесу барысында қонақтар бағдарлама аясында білім алудың артықшылықтары, мемлекеттік грант мүмкіндіктері, студенттерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау және оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасу бағыттары туралы кеңінен ақпарат берді 🎓
Әсіресе, еліміздің солтүстік өңірлерінде білім алып, болашақта сол аймақтардың дамуына үлес қосу мәселесі ерекше атап өтілді 🌍
Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды 💬 Ашық форматта өткен бұл кездесу өзара пікір алмасуға, сенімді байланыс орнатуға мүмкіндік берді 🤝
Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде
