✨📌СТАЛКИНГ: ҚАУІПТІҢ КӨЛЕҢКЕСІ ЖӘНЕ ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ📌✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде мектеп педагогтарына арналған «Сталкинг: қауіптің көлеңкесі және қорғану жолдары» тақырыбында мазмұнды әрі тәжірибелік маңызы жоғары дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
🔹 Шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру, педагогтардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сталкингтің алдын алу бойынша тиімді тәсілдерді қарастыру.
👤 Кездесудің құрметті қонағы:
«Praktikos» Еуразиялық заңгерлер және медиаторлар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал директоры, Медиация кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының магистрі, жаттықтырушы, психолог-медиатор Мирамбекқызы Жанна.
💬 Дөңгелек үстел барысында қонақ сталкинг ұғымының мәнін кеңінен ашып, оның түрлері (онлайн және офлайн қудалау), белгілері мен қауіп деңгейлері туралы нақты мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін жасырын бақылау, әлеуметтік желілер арқылы мазалау, жеке шекараның бұзылуы сияқты мәселелерге ерекше тоқталды.
⚖️ Құқықтық аспектілер де назардан тыс қалмай, қатысушыларға сталкингк
