Skip to content

✨🤝 «ДОСBOLLIKE – ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН»🤝✨ «ДосbolLike» бағдарламасы аясында Инженерлік…

✨🤝 «ДОСBOLLIKE – ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН»🤝✨

«ДосbolLike» бағдарламасы аясында Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің 6 «Г» сынып оқушыларына “Достық қолын ұсын” тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

🎯 Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайту, өзара сыйластық, түсіністік және қолдау көрсету дағдыларын дамыту. Сонымен қатар шынайы достыққа баулу, мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату.

🧠 Тренинг барысында жүргізілген жұмыстар:
🔹 “Жылы лебіз” жаттығуы – оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, жылы атмосфера қалыптастырды
🔹 “Досыңды тап” ойыны – сенім мен өзара байланыс нығайтылды
🔹 Топтық тапсырмалар – бірлесе әрекет ету, қолдау көрсету және ұйымшылдықты арттырды
🔹 “Менің досым” рефлексиясы – оқушылар достық туралы ойларын еркін жеткізді

💬 Оқушылар тренингке белсенді қатысып, өзара сыйластық пен түсіністіктің маңызын сезінді. Әрбір тапсырма барысында сынып ішінде жылы қарым-қатынас орнап, бірлік пен достықтың күші айқын көрінді.

💖 Достық – жүректі жақындататын ең қымбат құндылық! 🤍✨