📚🔧 «КІТАППЕН САЯХАТ: ҒЫЛЫМ МЕН МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» – РУХАНИЯТҚА ТОЛЫ ОҚЫРМАНДАР САҒАТЫ 🔧📚
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебімізде 4 «В» сынып оқушылары арасында «Кітаппен саяхат: Ғылым мен мейірім мекені» атты мазмұнды оқырмандар сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
🌟 Бұл тағылымды шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармаларды талдау арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту және ізгілік, мейірімділік, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.
📖 Оқылған кітаптарды талдау – білімге бастар жол
Шара барысында оқушылар өз оқыған кітаптарын түрлі бағыттар бойынша жан-жақты таныстырып, мазмұнды презентациялар ұсынды.
🔬 «Ғылым мен тұлға» бағыты
Қаныш Сәтбаев пен Альберт Эйнштейн сынды әлемдік тұлғалардың өмірі мен еңбегі талқыланып, оқушылар Серікбол Хасанның «Қаныш Сәтбаев кім?» және Джесс М. Брейлердің «Альберт Эйнштейн кім?» еңбектері арқылы табандылық пен білімге құштарлықтың үлгісін таныды.
🌍 «Экологиялық таным» бағыты
Гейл Германның «Климаттың өзгеруі деген не?» кітабы негізінде табиғатты қорғау, жаһандық жылынудың салдары және Жер-ананы аялау мәселелері қозғалды. Оқушылар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыз
