Skip to content

✨🇰🇿 ТАЙЛАНД ЕЛІ, БАНКОКТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛҒАН ЧЕМПИОН – АЙТЖАН ДИЛЬНАЗДЫ…

✨🇰🇿 ТАЙЛАНД ЕЛІ, БАНКОКТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛҒАН ЧЕМПИОН – АЙТЖАН ДИЛЬНАЗДЫ ЗОР ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫҚ!🇰🇿✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің мақтанышы, халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген Айтжан Дильназды туған жерінде зор құрметпен, ерекше ықыласпен қарсы алдық! 🎉
Таиланд, Бангкок қаласында өткен пара пауэрлифтингтен Азия-Мұхит аймағы чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінген спортшымызды пойыздан күтіп алу сәті – жүрекке жылу, көңілге мақтаныш ұялатқан ерекше күн болды. 🇰🇿
Бұл сәтте мектеп ұжымы, ұстаздар, сыныптастары және жанкүйерлер бірігіп, чемпион қызымызды зор қошеметпен қарсы алды. 💙✨
🌟Дильназдың бұл жетістігі – табандылықтың, еңбекқорлықтың және биік мақсатқа деген сенімнің жарқын үлгісі.
💪 Оның әрбір қадамы – жастарға мотивация, мектебімізге – мақтаныш, елімізге – абырой!
🔥 Дильназ, сен – біздің мақтанышымызсың! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Қазақстанның атын асқақтата бер!
#КелешекМектебі #АйтжанДильназ #ЧемпионҚарсыАлу #Мақтаныш #Қызылорда СпортЖеңісі ЖеңісЖолы