Skip to content

🌿✨ ЛАЗЕРКВАНТУМ ЗЕРТХАНАСЫ: ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ – ТАБИҒИ ӨНІМ ✨🌿 Инженерлік…

🌿✨ ЛАЗЕРКВАНТУМ ЗЕРТХАНАСЫ: ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ – ТАБИҒИ ӨНІМ ✨🌿

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің «Лазерквантум» зертханасында оқушылар экологиялық таза, ағаш бұйымдарын жасап шығаруда. 🌱🪵

Зертхана жұмысы барысында оқушылар лазерлік станоктың көмегімен ағаш материалдарын дәлдікпен кесіп, түрлі бұйымдарды құрастыруда. Атап айтқанда:
🔹 құстарға арналған ағаш ұясы
🔹 Қазақстан картасы және әр қаланың жеке фигуралары
🔹 ерекше дизайндағы кубоктар 🏆
🔹 ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету-дамыту жұмыстарына қолданылатын ағаш көрнекіліктер

Лазерлік станок – бөлшектерді жоғары дәлдікпен кесіп, оларды біріктіру арқылы сапалы әрі әсем өнім жасауға мүмкіндік беретін заманауи құрылғы. Бұл технология оқушылардың инженерлік ойлауын дамытып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға жол ашады. ⚙️✨

Ағаштан жасалған экологиялық бұйымдар – табиғатқа зиян келтірмейтін, қайта өңдеуге қолайлы әрі адам денсаулығына қауіпсіз өнімдер. Осындай жұмыстар арқылы оқушылар экологияны сақтаудың маңызын түсініп қана қоймай, қоғамға пайдалы өнімдер жасаудың үлгісін көрсетуде. 🌍💚

Бұл жұмыстар оқушыларды ерте кәсіби бағдарға бағыттап, бейімдеп оқыту арқы�