✨🎓 БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚ — САНАЛЫ ТАҢДАУ, СЕНІМДІ ҚАДАМ! 🎓✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында ауқымды, мазмұнды әрі тағылымы мол кездесу ұйымдастырылды.
Бұл шара — жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беретін маңызды алаң болды.
📌 Шара екі бөлімнен тұрды:
🛠 І бөлім – «Мамандықтар көрмесі»
Көрме барысында колледж студенттері мен шеберлердің өз қолдарымен жасаған бұйымдары, техникалық жобалары мен шығармашылық жұмыстары ұсынылды.
Бұл алаңда оқушылар әр мамандықтың нақты қыр-сырын көріп, еңбек адамының шеберлігіне куә болды.
Көрме — жұмысшы мамандықтардың сұранысқа ие, болашағы зор және қоғам үшін аса маңызды екенін айқын көрсетті.
🎤 ІІ бөлім – Колледж өкілдерімен ашық сұқбат
Кездесуге арнайы шақырылған білікті мамандар:
🔹 И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің мансап және кәсіби бағдар беру орталығының жетекшісі Нурпейісова Алия Алиакбаровна
🔹 Халықаралық ORDA жоғары колледжінің директордың кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары Бекенова Айнұр Ерталапқызы
🔹 Абылай хан атындағы жоғары колледжінің мансап және кәсіби бағдар беру қызметінің меңгерушісі Мейр
