Skip to content

✨📊 КӘСІБИ БАҒДАР — БОЛАШАҚТЫ САНАЛЫ ТАҢДАУДЫҢ БАСТАУЫ✨ Инженерлік бағыттағы…

✨📊 КӘСІБИ БАҒДАР — БОЛАШАҚТЫ САНАЛЫ ТАҢДАУДЫҢ БАСТАУЫ✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде “Келешек HUB” цифрлық зертханасында 10-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде.

🔍 “Edu test” платформасы арқылы өткізілген кәсіби бағдар тесті — оқушылар үшін өз болмысын тереңірек тануға, қабілеті мен қызығушылықтарын саралауға үлкен мүмкіндік берді. Әрбір оқушы өз бейіміне сай пәндерді айқындап, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға нақты қадам жасады.

💡 Бұл — болашаққа бағытталған стратегиялық шешім қабылдаудың алғашқы баспалдағы. Оқушылар өздерінің күшті тұстарын анықтап, ішкі әлеуетін ашып, өмірлік жолын айқындауға мүмкіндік алды.

🎯 Бүгінгі дұрыс таңдау — ертеңгі үлкен жетістіктің кепілі. Сондықтан да кәсіби бағдар жұмыстары оқушылардың табысты болашағын қалыптастырудағы маңызды тетік болып табылады.

🚀 Келешек мектебі — армандарды мақсатқа, мақсаттарды нақты нәтижеге айналдыратын білім ордасы!