✨🦋МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ӘЛЕМ – МЕНІҢ ОТБАСЫМ 🦋✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, логопед және педагог ассистент мамандарының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «МЕЙІРІМДІ ОРТА ҚҰРАЙЫҚ — DOSBOLLIKE» атты педагогикалық-психологиялық қолдау апталығы аясында «МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ӘЛЕМ – МЕНІҢ ОТБАСЫМ» атты отбасылық эстафета жоғары деңгейде ұйымдастырылды 🌿
Жасыл алаңда өткен бұл мазмұнды шараға 4, 5, 6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары белсенді қатысып, өзара ынтымақтастық пен ұйымшылдықтың, сыйластық пен қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті 💚
Эстафета барысында қатысушылар жылдамдықты, ептілікті, тапқырлықты талап ететін қызықты кезеңдерден өтіп, әр отбасы бір команда ретінде әрекет етті. Әсіресе, ата-аналар мен балалардың бір-біріне сенім артып, бірге жеңіске ұмтылуы көрермендерге ерекше әсер сыйлады ✨
Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру және мейірімді орта қалыптастыру болды 🤗
Эстафета соңында барлық қатысушылар белсенділігі үшін алғыс білдіріліп, ерекше көзге түскен отбасылар марапатталды. Бұл күн әрбі
