✨🏆FIRST LEGO LEAGUE KYRGYZSTAN CHAMPIONSHIP 2026 — CHAMPION’S AWARD FINALIST | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА Ot Ai КОМАНДАСЫ ҚЫТАЙҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ! 🏆✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің атынан OtAi командалары халықаралық деңгейде өткен FIRST LEGO League Kyrgyzstan Championship 2026 байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ел намысын абыроймен қорғады. 🇰🇿
🔹 FIRST LEGO LEAGUE EXPLORE бағыты бойынша:
OtAi командасы «Last-mile Connectivity to Promote Digital-Green Education Opportunities (Connectivity)» жобасын сәтті қорғап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде команда
🏆 CHAMPION’S AWARD FINALIST атағын алып, 1-орын иеленді сонымен қатар,
🌏 FIRST LEGO League China Championship 2026 халықаралық чемпионатына Қытай Халық Республикасында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.
🔹 FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE бағыты бойынша:
OtAi командасының 2 құрамы қатысып, инженерлік шешімдердің сапасы, робот құрастырудағы шеберлігі мен бағдарламалау деңгейі үшін
⚙️ ENGINEERING EXCELLENCE AWARD жүлдесіне лайық деп танылды.
✨Жетекшілері:
🔸Рахатов Өтеміс
🔹Смаханова Мөлдір
🔸Сыздықова Күнсұлу
Аталған жетістіктер – оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларының, инженерлік ойлау қабілетінің және командалық жұмысының жоғары деңгейде қалыптасқанын көрсетеді. Байқау аясында ұсынылған жобалар цифрлық және экологиялық білім беру мүмкіндікте�
