💛🎉 КҮЛКІ СЫЙЛАҒАН КҮН — ЖҮРЕКТЕРГЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН СӘТ! 🎉💛
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде өтіп жатқан «МЕЙІРІМДІ ОРТА ҚҰРАЙЫҚ — DOSBOLLIKE» апталығы аясында оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлаған жарқын іс-шара ұйымдастырылды.
🎭 Көңіл көтеруші кейіпкерлер әр сыныпқа кіріп, оқушылармен бірге қызықты ойындар ұйымдастырып, шаттық пен күлкіге толы әсерлі сәттер сыйлады. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шынайы күлкі — осы іс-шараның ең үлкен нәтижесі болды.
🌈 Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсарту, мектепке деген жағымды көзқарасын қалыптастыру және жағымды психологиялық ахуал орнату.
✨ Күлкі — бала жүрегіне жол табатын ең таза эмоция.
✨ Көтеріңкі көңіл күй — табысты білім алудың маңызды бөлігі.
💫 Осындай әсерлі сәттер арқылы біз әрбір оқушыға қолдау көрсетіп, олардың мектептегі әр күнін қуанышқа толтыруға үлес қосудамыз.
🤗 Әр бала — бақытқа лайық!
💛 Әр күн — шаттыққа толы болсын!
#МейірімдіОрта #DosbolLike #КөңілдіКүн #КелешекМектебі #БалаКүлкісі ЖақсыКөңілКүй
