💙✨ МЕЙІРІМДІ ОРТА ҚҰРАЙЫҚ — ДОСБОЛLIKE: ЖҮРЕКТЕРДІ МЕЙІРІМДІЛІККЕ ЖАҚЫНДАТАТЫН АПТАЛЫҚ БАСТАЛДЫ! ✨💙
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, логопед және педагог ассистент мамандарының бірлесуімен ұйымдастырылған «МЕЙІРІМДІ ОРТА ҚҰРАЙЫҚ — DOSBOLLIKE» атты педагогикалық-психологиялық қолдау апталығы өз жұмысын бастады.
Аталған апталықтың басты мақсаты — білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығы арасында (ұстаз, оқушы, ата-ана) өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген, қолдаушы әрі жанашыр орта қалыптастыру. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға деген құрметті арттыру, оларды қолдау арқылы қоғамда тең мүмкіндіктер мен инклюзивті мәдениетті дамыту көзделеді.
Апталық аясында психологиялық тренингтер, танымдық ойындар, кеңес беру жұмыстары, шығармашылық және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралармен қатар,
🔹 ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған арнайы қолдау сабақтары,
🔹 түзете-дамыту жұмыстары,
🔹 логопедиялық және психологиялық жеке жұмыстар ұйымдастырылуда.
Бұл сабақтар оқушылардың танымдық, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталып, әр баланың әлеу�
