✨💧СУДЫ ҮНЕМДЕ — ЕРТЕҢДІ САҚТА: ЖАСТАРДЫҢ ЭКО-ҚАДАМЫ!💧✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде «Су және білім» жобасы аясында мазмұнды әрі жүйелі іс-шаралар легі ұйымдастырылды. Бұл бастама – өскелең ұрпақтың су ресурстарына деген жауапты көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Жоба шеңберінде мектебімізге арнайы келген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі, «Су және білім» жобасының эксперті Немцан Татьяна Николаевна білім алушылармен кездесіп, су – тіршілік көзі екенін ұғындыру, оны үнемді пайдалану мен қорғау мәдениетін қалыптастыру бағытында құнды ақпараттарымен бөлісті.
🔹 “СУДЫ ҮНЕМДЕ — БОЛАШАҚТЫ САҚТА” тақырыбында оқушылар өздерінің шығармашылық жобаларын ұсынып, тың идеялары мен экологиялық бастамаларын ортаға салды;
🔹 Жоба аясында оқушылар жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерімен танысып, су ресурстарын тиімді басқарудың заманауи тәсілдерін зерделеді;
🔹 Су клубы мүшелерімен арнайы жиын өткізіліп, алдағы жұмыс бағыттары нақтыланып, нақты жоспарлар құрылды;
🔹 Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша су тақырыбында ашық сабақ өткізіліп, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен танымдық �
