Skip to content

✨✨✨АТА-АНА МЕН МЕКТЕП ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ — ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛАТЫН БАЛАНЫҢ ТАБЫСТЫ…

✨✨✨АТА-АНА МЕН МЕКТЕП ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ — ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛАТЫН БАЛАНЫҢ ТАБЫСТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ!✨✨✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебімізде көктемгі демалыс кезінде ерекше білім алатын оқушылардың ата-аналарына арналған «БАЛАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ДАМЫТУ» тақырыбында арнайы мамандардың кеңес беру күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Бұл маңызды кездесу — ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтып, әрбір баланың жеке дамуына бағытталған жүйелі жұмысты жетілдіруді көздеді.

Іс-шара барысында ата-аналарға:
🔹 Оқушылардың оқу тоқсаны бойынша динамикалық даму көрсеткіштері жан-жақты талданып, нақты нәтижелер ұсынылды;
🔹 Баланың зейіні, есте сақтау қабілеті, ойлау дағдыларын дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер түсіндірілді;
🔹 Үй жағдайында баламен дұрыс әрі нәтижелі жұмыс жүргізудің практикалық жолдары мен күнделікті қолдануға болатын кеңестер берілді;
🔹 Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке бағыт-бағдар ұсынылды.

Кездесу барысында ата-аналар:
💬 Белсенді түрде пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті;
💬 Бір-біріне қолдау білдіріп, тиімді тәсілдермен танысты;
💬 Алдағы уақытта мектеппен бірлесе отырып, баламен жұмыс жүргізудің нақты жоспарларын құрып, ортақ мақсатқа бағыт алды.

Сондай-ақ, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, ата-аналардың көкейіндегі маңызды сауалдарға мамандар тарапынан толық әрі кәсіби жауаптар берілді. Әрбір ата-ана өзіне қажетті ақпарат алып, баласының дамуына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.

✨ Мұндай кеңес беру күндері — бала болашағына бейжай қарамайтын ата-ана мен мектептің бірлескен үлкен қадамы!

✨ Әр бала — ерекше. Ал оны түсініп, қолдау көрсету — біздің ортақ міндетіміз!

#КелешекМектебі #АтаАнаМектепЫнтымақтастығы #ЕрекшеБілім #ПсихологиялықҚолдау #БалаДамуы