Skip to content

✨🔹ҚАЗАҚТЫҢ ҚАМЫ ҮШІН: ҮШ ТҰЛҒА — ҮШ ТАҒДЫР🔹✨ Инженерлік бағыттағы…

✨🔹ҚАЗАҚТЫҢ ҚАМЫ ҮШІН: ҮШ ТҰЛҒА — ҮШ ТАҒДЫР🔹✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде 9-сынып оқушылары арасында «Балаға ақыл айтпа, тұлғаны таныт» оқу байқауы аясында «Қазақтың қамы үшін: Үш тұлға — үш тағдыр» атты тағылымды әдеби сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты ел тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметі арқылы отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және тарихи сананы қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сайысқа 3 топ қатысты: «Ғалымдар», «Қайраткерлер», «Мұрагерлер». Қатысушылар қазақ халқының дамуына зор үлес қосқан Қаныш Сәтбаев, Жұмабек Тәшенов және Өзбекәлі Жәнібеков сынды ірі тұлғалардың өмір жолы мен ел үшін атқарған еңбектерін түрлі шығармашылық форматта таныстырды.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды:

🔹 I кезең — «Тұлға тану»
Әр топ өздері таңдаған тұлға туралы сахналық көрініс қойып, олардың өмірі мен ел үшін жасаған қызметін әсерлі түрде көрсетті.

🔹 II кезең — «Тарихи дерек — шындық»
Бұл кезеңде қатысушыларға тарихи мәліметтерге негізделген жылдам сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен тапқырлықтары сыналды.

🔹 III кезең — «Ердің ісі — ел есінде» (Капитандар сайысы)
Топ капитандары Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан», «Жұмабек және жер майдан», «Қаныш және ғылыми майдан» кітаптары негізінде дайындалған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен көшбасшылық қабілеттерін көрсетті.

Сайыс барысында оқушылар тарихи тұлғалардың ел үшін жасаған еңбектерін тереңірек танып, олардың ұлт тағдыры жолындағы күресі мен ерлік істерін үлгі етті. Қатысушылардың шығармашылығы, білімділігі мен белсенділігі көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

🏆 Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 «Қайраткерлер» тобы — І орын
🥈 «Ғалымдар» тобы — ІІ орын
🥉 «Мұрагерлер» тобы — ІІІ орын

Осындай мазмұнды сайыстар арқылы оқушылар ұлттық тарихты терең танып, ұлы тұлғалардың өмір жолынан тағылым алып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үйренеді.

#КелешекМектебі
#БалағаАқылАйтпаТұлғаныТаныт
#ҮшТұлғаҮшТағдыр
#ҰлттықТәрбие
#ТарихТағылымы