⚖️ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ НЕГІЗІ ⚖️
🏫 Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында 11-сынып оқушыларымен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
👤 Кездесудің құрметті қонағы — Тайыров Дәурен Тайырұлы, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы. Қонақ оқушылармен ашық сұхбат жүргізіп, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, жауапкершілік пен тәртіптің маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. ⚖️
💬 Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, құқықтық тақырыпта еркін ой бөлісті. Мұндай ашық диалог жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
📚 Жиын мазмұнды, әсерлі әрі танымдық деңгейде өтіп, оқушылар үшін маңызды тәрбие сағатына айналды.
🌟 Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың саналы, жауапты әрі заңға құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуына зор үлес қосады.
#ЗАҢменТӘРТІП
#адалдық
#БіртұтасТәрбие
