✨ТАРИХ – ТАНЫМНЫҢ ТЕРЕҢ ТАМЫРЫ✨
📚Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде «ТАРИХ. ТІЛ. ТҰЛҒА» / «ИСТОРИЯ. ЯЗЫК. ЛИЧНОСТЬ» тақырыбындағы тарих және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы аясында Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Оспанова Салтанат Тартипбековна 5 «А» сыныбында «Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті» тақырыбында мазмұнды әрі танымдық ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар зерттеуге негізделген тапсырмалар арқылы көне дәуір мәдениетінің қыр-сырын тереңірек танып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын қорғады.
🔹 1-топ – қолөнер бағыты бойынша ұлттық нақыштағы зергерлік бұйым дайындап, оның жасалу тәсілдерін таныстырды.
🔹 2-топ – құмыра жасау орталығында саздан құмыра жасап, оның дайындалу кезеңдері туралы тәжірибелік жұмыстарын көрсетті.
🔹 3-топ – облыстық музей орталығының виртуалды 3D көрмесіне экскурсия жасап, археологиялық ескерткіштер мен тарихи жәдігерлер туралы мәліметтер жинап, зерттеу жұмыстарын қорғады.
Сабақ барысында оқушылар қыш құмыра жасау өнері, зергерлік бұйымдар, тұрмыстық заттар, музыка мен салт-дәстүрлер туралы қызықты деректермен танысты. 🏺🎶
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында сабақта жұптық жұмыстар, сәйкестендіру тапсырмалары, суретпен жұмыс және зерттеу элементтері тиімді қолданылды. Сонымен қатар арнайы білім беру платформалары арқылы тестік тапсырмалар орындалып, оқушылар өз білімдерін бекітті.
Сабақтың ерекше тұстарының бірі – қолмен жасалған қыш құмыраны мектептегі 3D принтер арқылы жасалған құмырамен салыстыру болды. Бұл тәжірибе арқылы оқушылар көне дәуірдегі қолөнер мен қазіргі заман технологиясының айырмашылығын талдап, тарихи мұра мен инновацияның байланысын түсінді.
✨ Осындай тәжірибелік және зерттеуге бағытталған сабақтар оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытады және ұлттық мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелейді.
#КелешекМектебі
#ТарихАпталығы
#ТарихТілТұлға
#АшықСабақ
#БілімБерудегіИнновация
ҰлттықМұра 📚
