Skip to content

*✨🤝АМАЛДЫҢ АҚ ТІЛЕГІ – БЕРЕКЕЛІ ЖЫЛДЫҢ БАСТАУЫ🌿✨* Инженерлік бағыттағы №290…

*✨🤝АМАЛДЫҢ АҚ ТІЛЕГІ – БЕРЕКЕЛІ ЖЫЛДЫҢ БАСТАУЫ🌿✨*

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде Амал мерекесіне орай тағылымды іс-шара өткізілді. Мерекелік шараны мектептің 9-сынып оқушылары ұйымдастырып, халқымыздың көрісу дәстүрін кеңінен насихаттады.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлердің маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениетін дәріптеу және жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Шара барысында оқушылар Амал мерекесін ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектер айтып, қазақ халқының бірлік пен татулыққа негізделген салттарын дәріптеді.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы өскелең ұрпақ ата-баба дәстүрін құрметтеп, ұлттық рухты бойына сіңіреді.

Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтаймыз! Көрісу күні әр шаңыраққа амандық, береке мен бақ-береке әкелсін! 🌿✨

#АмалМерекесі
#КөрісуКүні
#ҰлттықҚұндылық
#КелешекМектебі
#БіртұтасТәрбие
ҰрпақТәрбиесі