✨АМАЛ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ “BAURSAK PARTY” ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде 14 наурыз — Амал мерекесіне (Көрісу күніне) орай ұлттық дәстүрді дәріптейтін ерекше әрі жылы шара өтті.
Мерекелік күні мектебіміздің ұстаздары ұлттық тағамымыз – бауырсақ пісіріп, оқушылармен бірге оны мектеп оқушыларына, ата-аналарға және мектеп қызметкерлеріне таратып берді. 🥨✨
Бұл игі дәстүр – халқымыздың кеңпейілдігі мен қонақжайлығын, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі. Оқушылар бауырсақ тарату арқылы бір-біріне ізгі тілектер айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 🤝🌸
Амал мерекесінің мәнін арттыра түскен Baursak Party барысында мектеп ауласында ерекше жылылық пен қуаныш атмосферасы қалыптасты. Ұлттық тағам арқылы оқушылар бірлік пен татулықтың, сыйластық пен мейірімділіктің маңызын сезінді. 🎉🥨
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақ ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді қадірлеуді үйреніп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қадам жасайды. 🇰🇿✨
Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, молшылық және береке тілейміз! 🤲🌿
#АмалМерекесі
#КөрісуКүні
#BaursakParty
#КелешекМектебі
#ҰлттықДәстүр
Береке
Наурыз
