Skip to content

✨🌱ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА – ЖҮРЕКТЕН! 15-НАУРЫЗ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІНДЕГІ ИГІ БАСТАМА 🤝✨…

✨🌱ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА – ЖҮРЕКТЕН! 15-НАУРЫЗ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІНДЕГІ ИГІ БАСТАМА 🤝✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Наурызнамадағы 15 наурыз – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІНЕ орай ерекше игі шара ұйымдастырылды.

Мектебіміздің мектеп бітіруші сынып оқушылары қайырымдылық жасап, мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Оқушылар бұл күні айналасына қамқорлық танытып, жақсылық жасаудың қоғамдағы маңызы зор екенін дәлелдеді. 🌿

Шара барысында оқушылар бірлік пен жанашырлықтың мәнін түсініп, өзгеге көмек көрсету – адамгершіліктің ең асыл қасиеттерінің бірі екенін көрсетті. Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың бойында мейірімділік, жауапкершілік және ізгілік құндылықтарын қалыптастыруға үлкен әсер етеді.

Қайырымдылық – жүректен шығатын қасиет. Ал жүректен шыққан әрбір жақсылық қоғамға жылу сыйлайды. ✨

#КелешекМектебі
#АдалАзамат
#Наурызнама
#ҚайырымдылықКүні
#ЖақсылықЖаса
МейірімдіЖастар
Қызылорда