✨🌍 СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ💧✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде 2 «В» сыныбында «Суды үнемді тұтыну» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға судың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру, табиғат байлығын қадірлеуге баулу және суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар судың тіршілік көзі екені, оның табиғаттағы ерекше орны мен адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Оқушылар күнделікті өмірде суды қалай дұрыс әрі тиімді пайдалануға болатынын талқылап, түрлі мысалдар келтірді.
Сонымен қатар «Суды қалай үнемдейміз?» тақырыбында шағын тапсырмалар орындалып, сұрақ-жауап арқылы қызықты талқылаулар ұйымдастырылды. Оқушылар практикалық жұмыстар жасап, белсенділік танытып, өздерінің экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған ойларын ортаға салды.
Сынып сағаты нәтижесінде оқушылар су – табиғаттың баға жетпес байлығы екенін түсініп, оны қорғау мен үнемдеу әр адамның маңызды міндеті екенін ұғынды. Сабақ соңында оқушылар суды ысырап етпеуге және күнделікті өмірде оны тиімді пайдалануға уәде берді.
Аталған іс-шара «Су және білім» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба Францияның Даму жөніндегі агенттігінің (AFD), UNICEF Kazakhstan және «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» ҚЕАҚ қаржылық қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитеті және Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесе іске асырылуда.
Сынып жетекшісі: Есетова Айдана
2 «В» сыныбы
#СуЖәнеБілім #СудыҮнемде #ЭкологиялықТәрбие #КелешекМектебі #БілімБерудегіЖаңашылдық 💧🌱
