Skip to content

✨16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ 🇰🇿✨ Инженерлік…

✨16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ 🇰🇿✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған тағылымды іс-шаралар өткізілді. 🌿

Аталған күннің басты мақсаты – халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. 🏛️📜

Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беріп, ұлттық мәдениетті дәріптейтін көріністер көрсетті. Сонымен қатар ұлттық киімдер таныстырылып, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері мен рухани мұрасының маңызы кеңінен түсіндірілді. 👘🎭

Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, тарихи мұраны жандандыруға және өскелең ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. 🌱✨

Ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз – халқымыздың рухани қазынасы. Оны құрметтеу, сақтау және келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз. 🤝🇰🇿

#Наурызнама 🌿
#ҰлттықСалтДәстүр 🏛️
#МәдениетКүні ✨
#КелешекМектебі 📚
#ҰлттықҚұндылық 🇰🇿
ТарихиМұра 📜
БіртұтасТәрбие 🌱