✨🏛️НАУРЫЗ – ТАРИХПЕН ТАБЫСТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ САЯХАТ! 🌸✨
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің мектепалды даярлық (МАД) топ тәрбиеленушілері Облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық саяхат жасап қайтты. ✨
Бұл ерекше саяхаттың мәні – бүлдіршіндерді халқымыздың бай тарихымен, салт-дәстүрімен таныстыра отырып, Наурыздың терең мазмұнын ұғындыру, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру болды. 🇰🇿
Музей қабырғасында кішкентай зерттеушілер көне жәдігерлерді тамашалап, ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен рухани мұрасы туралы тың мәліметтер алды. Әрбір экспонат балалар үшін өткеннен сыр шертетін тірі тарихтай әсер қалдырды. 🏺
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың мерекесі десек, бұл саяхат сол жаңғырудың жарқын көрінісіне айналды. Балалар өткенді танып, бүгінді бағалап, болашаққа сеніммен қараудың маңызын сезінді. 🌿
Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық және туған жерге деген сүйіспеншілік қалыптасады. 🤍
✨ Тарихын таныған ұрпақ – болашағын нық қалыптастырады!
#Наурыз #Наурызнама #КелешекМектебі #МАД #МузейгеСаяхат ҰлттықҚұндылықтар ТарихқаТағзым ПатриоттықТәрбие
