Skip to content

✨🏡ШАҢЫРАҚ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ, ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БЕСІГІ! ✨ 17 наурыз –…

✨🏡ШАҢЫРАҚ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ, ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БЕСІГІ! ✨

17 наурыз – Наурызнама аясындағы Шаңырақ күні – ұлт руханиятының өзегі болған сүйіспеншілік, құрмет, сенім мен жауапкершілік сынды асыл қасиеттерді ұлықтайтын айрықша күн. 🤍

Осы мерейлі күнге орай Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің ұстаздары тағылымы терең, өнегесі мол, көпбалалы әрі қарт қазынасы бар отбасының қара шаңырағына арнайы барып, ұлттық дәстүрге сай Наурыз көже пісіріп, ақ дастарқаннан дәм ауыз тиді. 🍲

Бұл игі бастама – ұрпақ тәрбиесіне бағытталған үлкен рухани миссия. Шара барысында үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы “Адал азамат” болмысының негізі қаланатыны айқын көрініс тапты. 🇰🇿

Ұстаздарымыздың бұл әрекеті – ұлттың ұлы мұрасын ұлықтау, ата дәстүрді жаңғырту және жас буынның санасына ізгілік дәнін себудің жарқын көрінісі. Осындай тағылымды кездесулер арқылы жастар жүрегіне мейірім ұялап, еңбекқорлық, патриотизм, жауапкершілік сынды қасиеттер берік қалыптасады. 🌿

✨ Қара шаңырақтың оты сөнбесін, берекесі тасысын! Әрбір шаңырақта татулық пен сыйластық салтанат құрсын! Ұрпақтар сабақтастығы үзілмей, ұлттық құндылықтар мәңгі жасай берсін!

#Наурызнама #ШаңырақКүні #АдалАзамат #ҰлттықҚұндылықтар #КелешекМектебі РуханиТәрбие Патриотизм БерекеліШаңырақ ІзгіҚадам