Skip to content

✨🏡БАҚЫТТЫ ШАҢЫРАҚ – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ! 👩‍👧‍👦✨ Наурызнама аясындағы…

✨🏡БАҚЫТТЫ ШАҢЫРАҚ – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ! 👩‍👧‍👦✨

Наурызнама аясындағы Шаңырақ күніне орай Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде бастауыш сынып оқушылары мен олардың аяулы аналарының қатысуымен «Бақытты шаңырақ» атты әсерлі де мазмұнды сайыс ұйымдастырылды. 🌸

Бұл сайыстың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті нығайту, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, сондай-ақ “Адал азамат” тәрбиесінің негізін қалыптастыру болды. 🤍

Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, өз өнерлерін, тапқырлықтарын, ұйымшылдықтары мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Әр отбасы сахнада өзара қолдау мен шынайы мейірімнің үлгісін паш етіп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. 👏✨

Ана мен бала арасындағы байланыс, бірлік пен береке, махаббат пен қамқорлық – бұл шараның басты өзегіне айналды. Осындай игі бастамалар арқылы оқушылардың бойында жауапкершілік, құрмет, еңбекқорлық және патриоттық сезімдер қалыптасады. 🇰🇿

🏆 Шара соңында барлық қатысушылар арнайы марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

✨ Әр шаңыраққа шаттық пен береке, татулық пен бақыт тілейміз!

#Наурызнама #ШаңырақКүні #БақыттыШаңырақ #КелешекМектебі #ОтбасыҚұндылығы АнаМейірімі АдалАзамат БастауышСынып