Skip to content

✨🏡ШАҢЫРАҚТЫҢ ШУАҒЫ – ЖҮРЕКТЕРДІ ЖЫЛЫТҚАН ІЗГІЛІК! 🤍✨ Наурызнама аясындағы Шаңырақ…

✨🏡ШАҢЫРАҚТЫҢ ШУАҒЫ – ЖҮРЕКТЕРДІ ЖЫЛЫТҚАН ІЗГІЛІК! 🤍✨

Наурызнама аясындағы Шаңырақ күніне орай Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің оқушылары қарттар үйіне арнайы барып, «Сіздер барда – өмір мәнді» атты жүрек тебірентерлік мерекелік концерт ұсынды. 🌸

Бұл кеш – мейірім мен құрметтің, ізгілік пен жанашырлықтың шынайы көрінісіне айналды. Оқушылар ән шырқап, күй күмбірлетіп, жүректен шыққан жылы лебіздерін арнау арқылы ата-әжелердің көңіліне қуаныш сыйлады. 🎶

Сахнада орындалған әрбір туынды – үлкенге деген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығының, ұлттық тәрбиенің айқын айғағы болды. Қариялардың жүзіндегі шынайы күлкі мен ақ батасы – бұл кештің ең қымбат сыйы еді. 🤲

Бұл тағылымды шара арқылы жас ұрпақтың бойында “Адал азамат” құндылықтарына сай адамгершілік, мейірімділік, жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттері тереңдей түсті. 🇰🇿

✨ Қариясын қадірлеген ел – қазынасын сақтайды!
✨ Шаңырақтың шуағы – ұрпақ жүрегіндегі жылулық!

Осындай жүрекке жылу сыйлаған сәттер – мәңгілік құндылықтардың жарқын көрінісі! 🤍

#Наурызнама #ШаңырақКүні #СіздерБардаӨмірМәнді #КелешекМектебі #ҚарттарҮйі Қайырымдылық АдалАзамат ҰрпақСабақтастығы Мейірім Құрмет