✨🌸ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ: РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚОЛСҰҒЫЛМАУШЫЛЫҚ 👩⚕️✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес 5–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған ағартушылық және құқықтық түсіндірме жұмыстары аясында қыз балаларға арналған арнайы жиналыс өткізілді.
Шараның басты мақсаты – қыз балалардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, өз құқықтарын білуге үйрету, қауіптің алдын алу және өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Кездесуге арнайы қонақ ретінде аурухана психологы 🧠 және салауатты өмір салтын қалыптастыру (СӨЖ) маманы 🏥 қатысып, оқушылармен ашық әрі сенімді форматта әңгіме жүргізді. Мамандар жасөспірім кезеңіндегі өзгерістер, жеке гигиена, психологиялық тұрақтылық, қауіпсіз мінез-құлық және құқықтық қорғаныс туралы маңызды әрі пайдалы ақпараттармен бөлісті.
💬 Кездесу барысында:
🔹 Қыз балалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды;
🔹 Мамандар нақты әрі түсінікті жауаптар берді;
🔹 Өмірлік маңызды кеңестер ұсынылды;
🔹 Қауіптің алдын алу жолдары түсіндірілді.
Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер – жас ұрпақтың саналы, сауатты, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын әрі өз құқығын қорғай алатын тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді 🌿✨
🌸 Әр қыз – болашақ ана, қоғамның тірегі. Сондықтан олардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – басты назарда!
#КелешекМектебі #ҚыздарЖиналысы #Денсаулық #Қауіпсіздік #РепродуктивтіДенсаулық ҚұқықтықСауаттылық Жасөспірім Тәрбие





